Артқа
Артқа

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕР: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

СТУДЕНТЫ В СИСТЕМЕ ОСМС: ОТВЕТЫ НА ПОПУЛЯРНЫЕ ВОПРОСЫ
Қазақстанда МӘМС жүйесінде 585 мыңнан астам студент сақтандырылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді, яғни 15 жеңілдік санатына кіреді. Медициналық сақтандыру қоры студенттердің ең жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.
Студенттердің барлығы мемлекет есебінен сақтандырыла ала ма? МӘМС жүйесінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар жеңілдік санатына кіре алады. Олар үшін оқу кезеңінде мемлекет МӘМС жарналарын төлейді.

Жұмыс беруші студент қызметкері үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуі керек пе? Жоқ, жұмыс беруші студенттер үшін жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады. Олар оқу орнын тәмәмдағанға дейін автоматты түрде сақтандырылады. Айта кету керек, студент жеке кәсіпкер немесе жалдамалы жұмысшы болса да, олардың жеңілдік санаты сақталады.

Шетелде оқитын студент мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін бе? Иә, ол үшін Egov порталындағы «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет. Содан кейін, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өтінімді қарап, тіркеген соң, студенттер МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады.

Күндізгі бөлімде оқитын студент медициналық қызметтерді шұғыл алу қажет, алайда оның мәртебесі сақтандырылмаған болып шықты. Мұндай жағдайда не істеу керек? Студент оқу барысында сақтандыру мәртебесі сақталуы үшін өзінің оқу орнына жүгініп, деректерін ЖООБЖ (Жоғары оқу орындарының бірыңғай жүйесі) жүйесінде бар-жоғын тексеру қажет. Студенттер туралы мәліметтер Қорға осы жүйе арқылы түседі. Бұл мәселемен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне де жүгінуге болады.

Бұл сұрақ шешімін тапқанша, Қор уақытша бір айға сақтандырылған мәртебесін бере алады. Ол үшін Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеп, оқу орнынан анықтаманы қосып, мәртебе беру туралы өтінім қалдыру қажет.

Жұмыс беруші студент қызметкер үшін жарналар мен аударымдарды төлеп келді. Жарналарды қайтаруға бола ма? Иә, жұмыс беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазу қажет.

Жұмыс берушіге қызметкері оқуын аяқтаса да, студент ретінде жеңілдік санаты бар деп МӘМС төлемдері қайтарылып жатыр. Бұл қатені қалай түзеуге болады? Медициналық сақтандыру қоры жеңілдік санаттары туралы деректерді тиісті мемлекеттік органдардан алады. Бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде деректерді түзету қажет. Қызметкер жеке тәртіппен аталған министрліктерге жеңілдікті санатты алып тастау туралы өтінішпен жүгіне алады.

Қазақстанда оқитын шетелдік студенттер жеңілдік санатына үміткер бола ала ма? Қазақстанда оқитын шетелдіктер тұрақты тұруға рұқсаты болған жағдайда студент ретінде жеңілдік санатын ала алады, себебі шетел азаматтарының МӘМС жүйесіндегі құқығы мен міндеттері Қазақстан азаматтарымен бірдей.

Қазақстан аумағында халықаралық шарт негізінде уақытша тұратын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері, егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда көзделмесе, МӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Бұл жағдайда халықаралық шарттарды басшылыққа алу қажет.
11.11.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу